Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

/
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Pixabay

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

ҚазАвтоЖолдың дерегінше, 21 желтоқсан күні сағат 20:00-ден бастап «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-393 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі.

Жол қозғалысын 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары