Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы

/
Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы
istockphoto

Бұл бірнеше күннен бері жалғасып келеді. Кейбір газ құю бекеттері тек талон арқылы қызмет көрсетсе, кейбірінде мүлде жоқ. 

Ақтөбелік жүргізушілер газ үшін кезекке тұрады. Мұндай жағдай тек қалада емес, аудан орталықтатында да байқалды.

Энергетика министрлігі желтоқсан айына 13 080 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді. 1–20 желтоқсан аралығында оның 8 328 тоннасы, яғни 64% жеткізілді.

— Бүгін жергілікті зауыттардан көлемі 344 тонна  сұйытылған газ («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС — 113 тонна, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ — 113 тн, «Gas Processing» ЖШС — 118 тн) жөнелтілді. Автогаз құю бекеттеріндегі тапшылықтың алдын алу мақсатында қосымша газ бөлу келісімі жасалды. Желтоқсан айына «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Gas Processing» ЖШС зауыттарынан тағы 1164 тонна газ бөлінді, — деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары