"ҚазАвтожол" Шығыс Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты өңірде көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нақтырақ айтқанда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Жолдар ертең, 22 желтоқсанға дейін жабық болады.
"Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат. 2025 жылғы 21 желтоқсан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахман қайнары "автожолының 7-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - делінген ведомство хабарламасында.