Астанада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды

/
Астанада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды
ТЖМ

Елордада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға 10 желтоқсанда Марал көпірінің маңында болды. Серуендеп жүрген кезінде Азамат Омарұлы көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан адамға дереу көмекке ұмтылады.

Оның жедел әрі батыл әрекетінің арқасында 62 жастағы ер адамның өмірі аман қалды.

"Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Айткен Азамат "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімде Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Мұхаметкалиұлы Күлдіков Айткен Азаматқа медальді табыс етіп, батыл әрекеті үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары