Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады, деп хабарлайды Ақорда.
Ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
Кездесу барысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдету бойынша бағдарларды белгілейді, Одақтың ортақ нарығын дамыту жайын айтады.
Сондай-ақ бірқатар маңызды құжаттар мен шешімдерді бекіту жоспарланған. Атап айтқанда, ЕАЭО мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойылады, деп күтілуде.
Сонымен қатар, 22 желтоқсанда Владимир Путиннің бастамасымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуі өтеді.