229
"Анаға жол" Италияда көрсетілді
"Анаға жол" Италияда көрсетілді
Қазақстандық кино туындыны еуропалықтар да тамашалады. Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға жол» фильмі Италияда көрсетіліп жатыр деп хабарлады 24.kz.
Картина Римдегі ең танымал орындардың бірінде көрермендерге ұсынылды. Сол елдегі меншікті тілшіміздің айтуынша фильм италияндықтардың аса жоғары бағасына ие болған. Кино әрине, аты айтып тұрғандай ана махаббаты жайлы. Оның 30 жыл бойы ұлынан күдерін үзбей, жолын тосуы италиялық көрермендерді бей-жай қалдырмады. Тіпті, көздеріне жас алғандар да бар. Фильм қазақ тілінде болғанымен, ешкім түсінбедік демеді. Себебі ана жайындаға картинаны тілсіз, жүрекпен ұғуға болады.
Икрам Кәрімов, продюсер:
- Біз өз тарихымызбен бүкіл әлемді таныстырғымыз келеді. Бұған дейін бірнеше елде болды. Ол жақта да жылы қабылдады. Атап өтсем, Лос-Анжелесте көрсетілді. Ал Мәскеу кинофестивалінде конкурстан тыс көрсетілді. Біз осылай өз тарихымызды, өз мәдениетімізді әлемге танытып жатырмыз. Фильмнің оқиға желісі көрермендерді бірден баурап алғаны анық байқалды. Көрсетілімнен соң түсіруші топқа сауал қойып жатқандар көп.
Әзірге «Анаға жол» картинасы Италия кинопрокатына шығарылмайды. Бірақ киносыншыларының пікірінше, Венеция кинофестиваліне ұсынылуы мүмкін. Картинаның өзі де үлкен экранда көрсетуге әбден лайық.
- Фильм өте таза, шынайы. Және оптимистік тұрғыдан түсірілген. Режиссердің өмірді сүйетіні, оған сенетіндігі анық байқалады. Бұл қазіргі кезде өте маңызды дер едім. Бүгінде айналамызда басқа түскен қиындыққа шыдамайтындарды көптеп кездестіріп жүрміз. Ал картина онымен күресудің шынай үлгісін көрсетіп берді. Маған қатты ұнады. Мұндай кинолар өте қажет.