«Комаға түсіп, оянбады»: Ақтөбе облысында ана мен бала қазасына қатысты тергеу басталды

/
«Комаға түсіп, оянбады»: Ақтөбе облысында ана мен бала қазасына қатысты тергеу басталды
Pixabay

Ақтөбе облысында жүкті келіншектің қазасына қатысты тергеу басталды. 41 жастағы Айжан Аязбаеваның отбасы ана мен бала өліміне жедел жәрдем қызметкерлерін кінәлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Фельдшерлерден. Тым жақсы жүрген адам ғой. Қан қысымы 210 болса, ондай күйде болмайды. 28-і күні концертімізге бардық. Балдызым концертке апарды. Фельдшерлерден. Заң талабымен шешілгенін қалаймын", - дейді күйеуі Руслан Сырлыбаев.

Руслан осыдан төрт ай бұрын отбасымен көрші Атырау облысынан балаларының оқуына байланысты Ақтөбеге көшіп келген. Жаңа қонысы жайлы болады деген үміті ақталмады. Үш апта бұрын жүкті келіншегі ауырып, жедел жәрдем шақырады. Ондағы мамандар қан қысымының көтерілгенін айтып, дәрі беріп, екпе салады.

Екпеден соң жарының жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізгенде есінен айырылған. Ол екі апта комада жатып, көз жұмды. Дүниеге келген сәбиі де перзентханада шетінеп кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау бақармасындағылар ана мен бала өліміне қатысты тексеру жүріп жатқанын айтады. Қортындысы бойынша ғана 41 жастағы келіншектің неліктен көз жұмғаны анықталады.

"Қаралы отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Аймақта ана өлімі тіркелгені рас. Қазір денсаулық сақтау бақармасы тарабынан жан-жақты тексеру жүріп жатыр. Соның нәтижесінде ғана нақты шешім қабылданады. Оның қорытындысымен марқұмның туыстары міндетті түрде танысады", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Анар Ақатаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары