1964 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны Өтебай Сабиров 2025 жылғы 14 желтоқсан күні таңғы сағат шамамен 7:00-де достарымен бірге аңшылыққа шығып, белгісіз бағытта жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осы дерек бойынша Өтебай Сабировтың қайта оралмағаны жөнінде полицияға арыз түскен.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, азамат Доссор – Ботақан бағытына аң аулауға аттанған. Осыған байланысты Жылыой ауданы аумағында кешенді іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Іздестіру жұмыстарын Жылыой ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ануар Кокалов бөлім орынбасарлары, бөлімше бастығы және Криминалдық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жеңіс Ермекбаев басқаруда.
"Іздеу шараларына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері, Ұлттық ұланның 20 әскери қызметкері, полиция басқармасының 50 полиция қызметкері және 40 ерікті азамат жұмылдырылуда. Барлығы 150-ден астам адам мен арнайы техника жұмылдырылып, белгіленген бағыттар бойынша аумақ толық Іздестіру жұмыстары жан-жақты тәулік бойы жалғасуда", - деп жазды Жылыой ауданы полиция басқармасының баспасөз қызметі.