Семейдегі емханада кезекке таласқан ер адам жүкті әйелге қол көтерген (ВИДЕО)

/
Семейдегі емханада кезекке таласқан ер адам жүкті әйелге қол көтерген (ВИДЕО)
коллаж turkystan.kz

Семейдегі медициналық мекемеде бір ер адам жүкті әйелдің телефонын жұлып алып, өзін агрессивті ұстаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желідегі abdulla_kz_kz парақшасының мәліметінше, оқиға дәрігер қабылдауын күтіп тұрған кезекте болған.

«Кезегім келді, кірейін деп дайындалып тұрдым. Бірақ ол адам “мен бірінші кіремін” деді. Мен үндемедім… Алайда ол мені балағаттап, ұрыса бастады. Сол сәтте мен телефонымды шығарып, камераға түсіре бастадым, сонда ол жүгіріп келіп, қолымды қатты қайырып, телефонымды тартып алды да: “Неге түсіріп жатырсың?” деп сұрады», – деді жәбірленуші әйел.

Абай облыстық полиция департаментінде жүкті әйелді қорлап, оған қарсы заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін ер адам ұсталғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлері стоматологиялық клиникада болған оқиғаға қатысы бар ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Кезекке байланысты жанжал кезінде ол жүкті қыздың атына дөрекі сөздер айтып, қолындағы ұялы телефонын жұлып алғаны анықталды», – деді Абай облыстық полиция департаменті.

Бұзақылық фактісі бойынша аталған азаматқа қатысты материал сотқа жолданып, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары