Жамбылда 56 келі есірткі тасымалдаған азамат сотталды

/
Жамбылда 56 келі есірткі тасымалдаған азамат сотталды
istockphoto.com

Шу ауданының тұрғыны 2025 жылдың тамызында сату мақсатында 56,7 келі есірткіні (кептірілген марихуана) заңсыз жинап, оны Т.Рысқұлов ауданының Қонаев ауылына тасымалдап, жасырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың қыркүйегінде Түрксіб станциясының полиция басқармасының қызметкерлері оның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Сотталушының кінәсі сотталушының өзінің және куәлердің айғақтарымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен, тінту материалдарымен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді.

Сот үкімімен ол ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары