Су тасқынынан жүзге жуық мал өлді

Су тасқынынан жүзге жуық мал өлді

Су тасқынынан жүзге жуық мал өлді
ашық дереккөзі
257
Солтүстік Қазақстан облысында Рузаевка ауылында 100-ге жуық мал өлді, 44 адам эвакуацияланды. Су күтпеген жерден келді - маусымдық Жем Барақ
"Жем Барақ өзенінде су көтерілді. Бұрындары мұндай болмаған. Он шақты аулалы жер телімін су басты. 44 адам эвакуацияланды. Барлығын осы ауылдағы туыстары мен көршілерінің үйіне қоныстандырды. Сонымен қатар, малды да эвакуациялады: бес жылқ, бес ірі қара мал, 74 құс, 52 қой. Ауыл сыртында жаз кезінде "Пиникер" ЖК мал ұстау базасы болған. Оны да су басты. Су басқан кезде оның ішінде мал болған. Олардың саны нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 100-ге жуық мал суға кетіп өлді", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы басшысы Асхат Ержанов.
Қазір Рузаевка ауылында жедел штаб құрылды. Су жазықтан және Жем Барақ өзенінен әлі де келіп жатыр. Рузаевка ауылынан алыс емес жерде Ломоносов ауылы бар. Онда үйлерге су жетпеген. Бірақ жолдарды су шайып кеткен.

Серіктес жаңалықтары