Аружан Сағындықова жұптық сында Үндістандағы жарыстың ширек финалына өтті

/
Аружан Сағындықова жұптық сында Үндістандағы жарыстың ширек финалына өтті
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Нью-Делидегі (Үндістан) ITF W35 турнирінің ширек финалына жолдама алды. 

Қазақстандық спортшы ресейлік Элина Неплиймен бірге бастапқы кездесуін үндістандықтар Лаалитя Каллури – Яшасвини Панвармен өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп жергілікті теннисшілерді 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Матч небәрі 44 минутқа созылды.

Енді А.Сағындықова – Э.Неплий жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ракеткалары, үндістандықтар Вайшнави Адкар – Сравайа Шивани Чилакалапудимен таласады. 

Аружан сондай-ақ жекелей сында жарысқа қатысып жатыр. Ол екінші айналымда әлемнің 382-ракеткасы, жапониялық Саки Имамурамен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары