Мұқасан Шахзадаев ұрып-соққан әнші тосын мәлімдеме жасады

/
Мұқасан Шахзадаев ұрып-соққан әнші тосын мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіден

Көпке танымал «Нұр-Мұқасан» тобы тыңдармандарына жаңа туындысын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Топқа жаңадан қосылған Ғалымжан Сүлеймен «Сен жоқ жерде» атты жаңа әнге түсірілген жаздық бейнесниппет жарияланды. Әннің әуенін композитор Арман Дүйсенов жазса, сөзін ақын Ринат Зайыт жазған.

Жазбада топ мүшелері тыңдармандарына алғысын білдіріп, жаңа туындыны қабыл алуға шақырған.

“Ал ағайын, қабыл алыңыздар, сіздерге Арман Д. әніне, Ринат З. сөзіне жазылған “Сен жоқ жерде” әніне жазда түсірілген келесі (сниппет) видеомызды тарту ете отырайық. Барлығыңызға алғысымыз шексіз, осы күнге дейін қолдауларыңызды сезіндік. Нұрлан Қонысбай, Ғалымжан Сүлеймен бауырларыңыздан”, – деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары өнер иелерін жарыса құттықтап, жаңа әнге оң бағасын беріп жатыр.

“Керемет”, “Ғалымжанның дауысы ерекше, Нұрлан екеуі керемет дуэт. Жаңа әндерің көп болсын, хит болсын”, “Керемет дауыс иелері, өте жоғары деңгейде орындап шықтыңыздар, тыңдай бергіміз келеді”, “Керемет дуэт, Ғалымжанның дауысы, ән айту мәнері ерекше, Нұрлан екеуінің дауысы үйлесімді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары