"Маған ауылға соқты": Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Савельев биыл елге неліктен келе алмағанын айтты

"Маған ауылға соқты": Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Савельев биыл елге неліктен келе алмағанын айтты

Бельгиялықтар асырап алған 23  жастағы Жәнібек Савельев қыркүйекте ел ішін аралағысы келгенін, алайда кедергілер туындағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Армысыздар, менің отбасым! 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қалдарыңыз қалай? 2026 жыл таяп қалды! Биыл көпшілігіңіз менен қыркүйек айында Қазақстанға неге келмегенімді сұрадыңыздар. Осы жайтты сіздерге түсіндіргім келеді, бірақ ең алдымен туған жеріме не себепті барғым келгенін айтайын.

Біздің отанымыз сондай әдемі - мәдениеті бай, табиғаты керемет, тарихы терең. Мен халқымыз Қазақстанды танып білуі тиіс деген ойдамын және оларға туған жеріміздің әсемдігін паш ететін саяхат ұйымдастырғым келді. Менің арманым бір топ адаммен туған жердің әдемі жерлерін танып саяхаттау және өзім үшін де оның жаңа қырларын ашу болатын.

Өкінішке қарай, мен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлаған компания турдың (қонақүй бағасы, жол ақысы) әділ бағасын ұсына алмады, сондықтан тіркелген адам саны жеткіліксіз болды. Бұл жайт мен үшін ауырға соқты, өйткені мен үйіме оралып сіздермен қайта қауышқым келді.

Дегенмен мен бұл тәжірибеден көп нәрсені үйрендім және саяхатты ұйымдастыру идеясынан әлі де бас тартпаймын.

Қымбатты менің отбасым, туған жерім, сіздермен жақын арада көрісеміз деп үміттенемін.

Болашақта менімен бірге Қазақстанның мәдениеті мен табиғатын одан әрі зерттегіңіз келе ме?", – деп жазды Жәнібек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары