Үш облыста жол ашылды

/
Үш облыста жол ашылды
istockphoto.com

Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 835-971 шақырым аралығында (Хромтау қаласынан Қарабұтақ ауылына дейін) жеңіл көліктер үшін қозғалыс ашылды»,- делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Сондай-ақ сағат 11:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Қарағанды облысы:

- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 592-750 шақырым аралығы (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін).

Жамбыл облысы:

- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2005-2152 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейін).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары