Астана - Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

/
Астана - Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған
istockphoto

Астана - Фукуок рейсінің жолаушылары ұшардан бұрын бортта 2 сағат отырған.

Жалпы әуе кемесінің Фукуокқа ұшу уақыты 8 сағат. Бұл жолы VietJet Air ұшағы 4 сағатқа кешіктірілді. Sputnik Қазақстанға Астана әуежайы мәселені түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, алдымен бортта техникалық ақаулық анықталып, ол жойылған. Содан кейін жолаушылардың бірі ауырып қалған. Ол рейстен түсірілген. Сондықтан командирдің сұрауымен ұшақ трапы қайта орнатылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары