Екі өңірде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

/
Екі өңірде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды
Pixabay

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының бірқатар учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Ақмола облысы аумағында:

2025 жылғы 14 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап аталған автожолдың 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы аумағында:

2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап осы автожолдың 200–254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектеледі.

Жол қозғалысын 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 09:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары