«Қолы қап-қара»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ас әзірлеймін деп сынға қалды (ФОТО)

/
«Қолы қап-қара»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ас әзірлеймін деп сынға қалды (ФОТО)
Әлеуметтік желіден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман тағам дайындаймын деп сынға қалды. Ол бұл жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында көрсеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айман Instagram желісінде қаттама нан дайындап жатқан сәтінен видео жариялаған. Алайда бұл жазба желі қолданушыларының біріне ұнамай, ол жағымсыз пікір қалдырған.

"Терісі қап-қара, қара қайыстай. Саусақтары быртық-быртық. Колхоз, совхоздар ғана осындай тамақ жейді", – деп жазды пікір қалдырушы.

Желі қолданушысының бұл сынына әзілкештің әйелі Айман жауап берді.

"Рецепт сұрап жатқандар колхоз, совхоз болдыңыздар ал", – деп жауап қатты ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары