Ақмола облысында сот педофилді өмір бойына бас бостандығынан айырды

/
Ақмола облысында сот педофилді өмір бойына бас бостандығынан айырды
istockphoto

Ақмола облысында сот педофилді өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кәмелеттік жасқа толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы қылмыстық істі Сандықтау ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Шамиль Умаров жүргізді. Айта кетері, қылмысты ашу барысында тікелей дәлелдер де, камера жазбалары да, қылмыскерді көрсетуге дайын куәгерлер болмаған.

"Тікелей дәлелдер мен бейнежазбалардың жоқтығына қарамастан, полиция капитаны кінәлі адамды анықтай алды. Тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының кешені күдіктіні ұстауға және бұлтартпау шарасын тағайындауға қол жеткізуге мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.

Кейіннен жеткілікті дәлелдемелер базасы жиналып, материалдар сотқа жіберілді. Осы жылдың желтоқсанында сот айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары