Қостанайда зейнеткерді көлік қағып өлтірді

/
Қостанайда зейнеткерді көлік қағып өлтірді
Видеодан скриншот

Қостанайда жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері растады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қайғылы сәт анық көрінеді: автобус жүргізушісі (видеорегистратор түсірген) жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтайды, ал сол сәтте жеңіл автокөлік аялдаған автобустың қасынан өтіп, әйелді соғып кетеді.

Полиция мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанда күндіз Қостанайда болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу "Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Алматыда да жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі ұсталғаны хабарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары