Ақмола облысындағы тасжолда жеті автокөліктің қатысуымен ауқымды жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бір адам қайтыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 13 желтоқсан күні Павлодар қаласы бағытындағы Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94–95-шақырымында болған.
Апатқа жеті бірдей автокөлік түсті. Алдын ала деректер бойынша, жол апаты нәтижесінде бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған екі адам медициналық мекемеге шұғыл жеткізілді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысымен тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция қызметкерлері Ақмола тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, әсіресе қозғалыс өте қарқынды учаскелерде аса мұқият болу қажет. Сонымен қатар көлік құралдарының техникалық жағдайына назар аудару маңызды.