Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде өзінің киноиндустриядағы алғашқы қадамдары жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Мен актер мамандығында оқымаған адаммын. Мен киноға түсу үшін кезінде 10-15 млн теңге ақшадан бастартып, 350 мың теңгеге фильмге түстім. Себебі болашақты ойладым. Соның арқасында қазір 2 млн оқырман жинап алдым. Негіз ол кезде тойдағы бағам 500 мың теңге болған. Кино үшін 15 тойдан алдын ала алған ақшаны қайтарып беруге тура келген. Сол шешім үшін ешқашан өкінбегенмін", - деді Ж. Отарғалиев.