1291
Ерлі-зайыптылар егіз болып шықты
Ерлі-зайыптылар егіз болып шықты
АҚШ-тың Миссисипи штатында балаларының денсаулығына алаңдап, ақ халаттылардың көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар ДНҚ сараптамасын жасатып, шын мәнісінде бір анадан туған егіз бауырлар екенін білген. Бұл туралы Daily Mirror басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Жұбайлар туралы ақпаратты дәрігерлер құпия ұстап, арнайы органдарға хабар бермеген. Өйткені, Миссисипи штатында сот ағайындылардың бас қосқаны үшін оларды 10 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Белгілі болғандай, ағасы мен қарындасы тым кішкентай болғанда олардың ата-анасы жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болыпты. Кейін оларды әр түрлі отбасы асырап алған. Колледжде оқып жүргенде танысқан ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне ұқсас екенін сезіп, ғашық болып қалады. ДНҚ сараптамасын жүргізген дәрігер мұндай жағдайдың оның тәжірибесінде бірінші рет орын алып тұрғанын айтып, таңданысын жасырмаған.