Ақтаулық атышулы блогер ұлды болды

/
Ақтаулық атышулы блогер ұлды болды
коллаж: turkystan.kz

Танымал ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова оқырманарына сүйінші жаңалығын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогер бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«11.12.2025жылы сағат 10:45-те дүниеге есігін ашқан ұлым. 3кг 100гр болдық. Бойымыз 52см.
Шүкір, қалағанымдай жеңіл босандым. Толғақты айта алмадым әрине. Бірақ, ешқандай денсаулыққа зиян немесе ауыртпашылық әкелетін процесстер болмады. 3 сағатта туа салдым. Барша құттықтап жатқан жандарға рахмет. Бізде шүкір бәрі жақсы», - деді Салтанат Аманқосова.

Желі қолданушылары жарыса құттықтау тілектерін жазып жатты.

«Құтты болсын,бауы берік болсын. Керемет», «Салтанат ұлың құтты болсын өзіңе серік болсын. Күнде күтетін едік қашан туады деп,  тілекші апаларың», «Құтты болсын бауы берік болсын мамасына құсаған қайтпас қайсар болсын», - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары