Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзге қолдау білдіреді

/
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзге қолдау білдіреді
Ақорда

Президент Ашхабадта өткен халықаралық форумда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.

– Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты, – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары