Ауа-райының бұзылуынан 11 облыста көлік қозғалысы қиындайды

/
Ауа-райының бұзылуынан 11 облыста көлік қозғалысы қиындайды
istockphoto.com

Жауын-шашынға байланысты 11 облыстың автожолында көлік қозғалысы қиындайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылғы 12 желтоқсанда Ақмола, БҚО, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасында.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары