Қарағандыда логопед баланың басынан нұқыған: орталықта тексеріс басталды

/
Қарағандыда логопед баланың басынан нұқыған: орталықта тексеріс басталды
Әлеуметтік желіден

Қарағандыда жекеменшік орталықта логопед баланың басынан нұқыған. Тексеру басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Баланың анасының айтуынша, оқиғаны күйеуі кездейсоқ түсіріп алған. Бейнежазбада маман баланың басынан нұқығанын көруге болады. Ата-аналар бұл логопедтің сабағына бір жылдан бері қатысатынын, бұған дейін агрессия туралы білмегенін айтады.

"Бұл үлкен соққы болды. Біз бірден ұлымызды алып кетіп қалдық. Логопед ештеңе түсіндіре алмады", - дейді баланың анасы.

Әйелдің айтуынша, кейінірек логопед оған қоңырау шалған, бірақ кешірім сұрамаған. Оның айтуынша, бұл логопедке келетін балалар көп, сабақтар әр жарты сағат сайын өтеді.

Ал полиция тексеру басталғанын айтады.

"Осы факт бойынша тексеру басталды, оның шеңберінде болған оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. 44 жастағы жеке логопед жағдайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері оның іс-әрекетіне құқықтық баға береді", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары