Қазгидромет қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

"Қазгидромет" синоптиктері 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірнеше өңір тұрғындарына қолайсыз ауа райына дайын болу керегін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының ойысы мен оған қатысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады.

Батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жел күшейіп және тұман түседі.

Солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында боран болады, ал оңтүстікте, батыста және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Сонымен қатар солтүстік антициклонның ықпалымен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

Ал Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге және одан да жоғары болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары