Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі

/
Әлемдік футболдың басты трофейі Алматыға жеткізіледі
Алматы әкімдігі

26 қаңтарда Алматы әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болады — қалаға FIFA World Cup түпнұсқа кубогы жеткізіледі. Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік береді.

Трофей көрмесі Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық тур аясында өтеді. Іс-шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады.

Бұл оқиғаның бірегейлігі — трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат қана болуы. Сондықтан да бұл іс-шара қала үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары