Алматы облысы мен Жамбыл облысында жол жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 08:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 143-214 шақырым аралығындағы учаскесінде «Қордай асуының ескі айналма жолы» (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 2025 жылғы 12 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
«2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 08:30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 2025 жылғы 12 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.