Павлодар облысының полиция департаменті баланың соққыға жығылғаны туралы ақпараттың расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыстық іс шеңберінде полиция қызметкерлері аталған ауданда кешенді шаралар жүргізді.
"Көршілерді сұрастыру, оқиға орнын қарау және бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдау нәтижесінде кәмелетке толмаған баланың соққыға жығылғаны туралы деректер расталмады", - деп жазылған хабарламада.
Бала аулада ойнап жүріп, қызық көріп ерні мен тілін металға өзі тигізгені анықталды. Қан көрген соң қорқып, әкесінің назарын аударту мақсатында оқиғаны ойдан шығарған.
Баламен анасының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкіліне мектеп психологының консультациясына жүгіну ұсынылды. Сонымен қатар бала сауыққаннан кейін оның және заңды өкілінің әрекеттері Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады.