Атырау облысында жер үйден екі адамның мәйіті табылды

/
Атырау облысында жер үйден екі адамның мәйіті табылды

Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда Индер ауданына қарасты Есбол ауылында болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында «Ақ Жайық» басылымы жазған.

Сол күні үй иесін және оның қонағын көруге келген таныстары оларды өлі күйінде тауып алған.

Үй иесі, 1976 жылы туған ер адам, жалғыз тұрған. Оқиға болған күні үйінде қонағы болған. 

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі газдан улану нұсқасын жоққа шығарды. Алдын ала болжам бойынша, екі ер адам қатты қызған пешке тым жақын ұйықтап қалған. Дененің қызып кетуі олардың өліміне себеп болуы мүмкін. Нақты себебін сараптама анықтайды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары