Апелляциялық сот төрт адамды қаққан жүргізушінің үкімін өзгеріссіз қалдырды

/
Апелляциялық сот төрт адамды қаққан жүргізушінің үкімін өзгеріссіз қалдырды
istockphoto.com

Сот алқасы кісі өліміне әкелген жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі-сот алқасы) К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Оған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айып тағылған. Жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

Бұған дейін, 2025 жылғы 20 тамыздағы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен К. ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот алқасы жәбірленушілердің адвокатының апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен қылмыстық істі қайта қарап, бірінші сатыдағы  сот үкімін апелляциялық тәртіпте өзгеріссіз қалдырды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары