Астанада мектептер мен балабақшаларда термометр орнатылып жатыр

/
Астанада мектептер мен балабақшаларда термометр орнатылып жатыр
istockphoto

Астанада мектептер мен балабақшаларға таңғы фильтр енгізілуде. Яғни балалар оқу ғимаратына кіре салысымен, дәл короновирус кезіндегідей дене қызуын өлшейтін құрылғыға маңдайын, не болмаса қолын тақап өтеді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Мұндай шара оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілерінің респираторлық вирустық инфекцияға шалдығуының жиілеуіне байланысты қабылданып отыр дейді қалалық білім басқармасы.

Мектепке орнатылған термометрлер баланың білегі мен маңдайынан арнайы сигнал арқылы ақпарат таратады. Дене қызуы 37 градустан жоғары болса, мектегі дәрігер дабыл қағып, оқушыны медпунктке алып кетеді. Ата-анасына дереу хабар беріліп, дене қызуын түсіретін дәрі беріледі, ал жағдай ушықса, жедел жәрдем шақырылады.

Қаланың бас санитар дәрігері осыған дейін оқушылардың 30 пайызы вирус жұқтырса, оқуды онлайн форматқа ауыстыру туралы қаулы жариялаған. Дегенмен қазір жағдай тұрақталып, оқушылар қалыпты өміріне біртіндеп оралуда. 

Айта кетейік, коронавирустағы карантиннен кейін біраз шаң басып қалған термометрлер өзге өңірлерде де орнатылып жатыр.

"ЖРВИ белгілері пайда болып, балалар ауырып жатыр ғой, сол кезден бастап қойылды. Балалар қазір термометрге үйренген. Бастауыш сыныпқа, жоғарғы сыныпқа бөлек-бөлек қойылған. Өзі өлшеп отырады. Егер дене қызуы жоғары болса, журналға тіркейміз, сосын кезекші мұғалім маска беріп, медкабинетке жібереді. Біз анасына хабарласып, үйіне қайтарамыз", - дейді Астана қаласы №90 гимназияның медбикесі Тоғжан Тажатдинова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары