Ертуған Зейнуллинов қарсыласын тас-талқан етіп жеңді

/
Ертуған Зейнуллинов қарсыласын тас-талқан етіп жеңді
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда IBA ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем біріншілігін сәтті бастады.

63,5 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлді үш рет нокдаунға түсіріп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Естеріңізде болса, Зейнуллинов Ливурпельде өткен әлем біріншілігінде де өнер көрсетіп, жеңіліс тапқан, бірақ төрешілердің шешімі көпшіліктің көңіліне күдік ұялатты.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов Кабо-Верде спортшысы Элизандру Саншеш да Силваны 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Енді 71 келіде Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға көтеріледі. Оның қарсыласы – армян Арарат Арутюнян.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары