Қостанайдың барлық мектептері келесі аптадан бастап дәстүрлі оқыту форматына оралады. Бұған дейін өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты оқушылар қашықтан оқуға жіберілген болатын.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қостанай мектептері оқушылардың қашықтан оқу форматы тоқтатылды.
Қаланың білім басқармасының мәліметінше, 8 желтоқсан дүйсенбіден бастап Қостанайдағы білім беру ұйымдарында оқыту дәстүрлі (офлайн) форматта қайта басталады.
Басқарма өкілдері ата-аналарға үндеу жасап, санитарлық талаптарды естен шығармауды ескертті. Тұмау немесе ЖРВИ алғашқы белгілері болған жағдайда мектепке барудан бас тартып, бірден дәрігерге қаралуға кеңес берілді.