Шығыс Қазақстанда жол апатынан үш адам қаза тапты

/
Шығыс Қазақстанда жол апатынан үш адам қаза тапты
Куәгерлерден

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты желтоқсанның 7 күні «Шемонаиха-Усть-Таловка» тасжолында болған.

— Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары