Ақмола облысында тасжолда полиция қызметкері қаза тапты

/
Ақмола облысында тасжолда полиция қызметкері қаза тапты
Polisia.kz

Ақмола облысында қызметтік міндеттерін атқару барысында полиция қызметкері қаза тапты. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды, деп өңірлік полиция департаменті.

Ақмола облысы полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан патрульдік полиция инспекторының өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті тасжолында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмай, патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен. Полицей жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды ескертіп тұрған.

Аталған жағдай бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары