Бүгін 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасында өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндірді. Төтенше жағдай салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты.
"Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.