Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштерді мұқият саралауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштерді мұқият саралауды тапсырды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Үкіметке кәсіпкерлердің Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштерін саралауды тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Соған қарамастан маған бизнес тарапынан жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштер түсіп жатыр. Өтініштердің мазмұны баршаға мәлім, олар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Үкімет оларды мұқият саралап, ақылға қонымды шешім табады деп ойлаймын. Анығын айтқанда, басқа жол жоқ. Бұл – мемлекеттік ауқымдағы міндет. Салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге баса мән беру қажет. Аталған мәселені цифрлық құралдар арқылы шешу кәсіпкерлерді алаңдатып отырған көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға мүмкіндік береді. Келесі жылы Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі мен Тауарлардың ұлттық каталогы енгізілетінін де ескеруге тиіспіз. Жаңадан іске қосылатын бұл тетіктер кейбір кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу байқауларында негізсіз артықшылыққа ие болу мәселесін реттеуге ықпал етуі керек. Үкімет «Атамекен» палатасымен бірге осы жылдың соңына дейін бизнес-қоғамдастыққа зияны тимейтін жаңа нормалар енгізуді қамтамасыз еткені жөн», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары