Солтүстік Қазақстанда 7 мың қаз қырылды: Өтемақы төлене ме?

/
Солтүстік Қазақстанда 7 мың қаз қырылды: Өтемақы төлене ме?
istockphoto.com

Қызылжар ауданында 7 236 мың құс қырылды. Оның басым бөлігі – қаз (98%). Одан бөлек күркетауық, үйрек пен өзге де үй құстары бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов үй құстарының жаппай қырылуына қатысты түсінік берді.

Әкімнің айтуынша, ветеринария туралы заңға сәйкес материалдар Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жіберілген. Диагноз — пастереллез екені анықталды. Қазір ауылда облыстық эпизоотияға қарсы күрес тобы жұмыс істеп жатыр. Қажетті шаралар жүргізілуде, қырылған құстың шамамен 90%-ы жойылған.

Пастереллез диагнозы расталған жағдайда заңнамада өтемақы қарастырылмаған.

— Бірақ біздің тәжірибемізде сондай жағдай Бугровое ауылында да болған. Сол кезде аудан әкіміне тапсырма беріліп, тауар өндірушілермен бірлесіп, мұндай жағдайларда қаржы көздерін тауып, өтемақы төлеу мәселесі шешілген. Пастереллез диагнозы қойылғанда, сол Бугровое  ауылындағы сияқты, басқа елді мекендерде де құнның кем дегенде 50%-ын өтеу қарастырылсын деген ұсыныс бар, — деді әкім.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары