«Бізден ешқандай қателік кетпеді»: Жәнібек Әлімханұлы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдірді

/
«Бізден ешқандай қателік кетпеді»: Жәнібек Әлімханұлы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдірді
жеке парақшасынан

Допинг дауына іліккен кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қиын кезде қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол анализдің екінші қорабын ашуға өтініш жазылғанын айтты. Сондай-ақ өзінен ешқандай кінә мен қателік кетпегенін мәлім етті.

«Қолдауларыңызға рақмет, шын жанкүйерлер! Бұйыртса бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған! Кейін олар да жанкүйер болып кетті. Ол қиындық та артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі! Біздің команда ең мықты команда! Біз әлі әлемге талай қазақша сөйлейміз! Біз әлі талай жастарға құмар ойнама деп айтамыз! Біз әлі талай туды желбіретеміз! Біздің мақсат айқын. Ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды.

Сынап жатқандарға мән бермеңіздер! Олар бұрыннан бар, 4 титул алғанда да бола береді! Біз тек алға жүреміз! Амандықта жүздесейік!

Ең бастысы біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә мен қателік кетпеді! Бәрі бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір! Қазір анализдің екінші қорабын ашуға өтініш жазылды! Жауабын күтеміз!», - деп жазды спортшы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары