Астанада екі автобус соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты

/
Астанада екі автобус соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты
Фото: instagram.com/police__astana

Жол апаты кеше кешкісін, Қошқарбаев көшесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған. Алған жарақаттарының салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

«Екі жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары