Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

/
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Павлодар обл. ТЖД

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды жұқа мұзға шықпауға және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство қыс мезгілі мұз үстінде балық аулаушылар мен демалушылар үшін ең қауіпті кезеңдердің бірі екенін атап өтті.

"Өңірлерде құтқару бөлімшелері жұқа мұздың қауіптілігі туралы азаматтарға жете түсіндіру және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

"Мұз" республикалық үгіт-насихат және профилактикалық акциясы аясында 6,5 мыңнан астам рейд пен патрульдеу ұйымдастырылып, 35 мыңнан аса азаматпен түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Сондай-ақ 12 мың балықшыға нұсқаулық берілді.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 11 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары