Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

"Қазгидромет" РМК бүгін, 5 желтоқсанда Астана қаласы мен 16 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, елдің барлық дерлік облыстарында көктайғақ, боран, тұман және желдің күшеюі байқалады.

Астана қаласында 5-6 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. 

Ақмола облысында қар жауып, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.

 Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, көріну қашықтығы төмендейді. Абай облысында түнгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында күшті боран күтіледі. 

Қызылорда облысында көктайғақ  болжануда. 

Жетісу облысында да тұман түсіп, жолдарда тайғақ байқалады. 

Ұлытау облысында жел күшейіп, көктайғақ орын алуы мүмкін.

Қарағанды облысында қар аралас жауын жауып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. 

Павлодар облысында боран болып, көктайғақ күтіледі. 

Ақтөбе облысында тұман түсіп, жел күшейеді. 

Маңғыстау облысында да тұман түсіп, көлік қозғалысына кедергі туғызуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, желдің екпіні артады. 

Түркістан облысында жауын-шашын түсіп, кей аудандарда тұман байқалады.

 Атырау облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысында жауын-шашын, тұман және тайғақ болады. Қостанай облысында боран соғып, көріну нашарлайды.

Құзырлы органдар тұрғындарға ауа райы нашарлаған кезде жолға шықпауға, ал жүргізушілерге жылдамдықты барынша төмендетіп, қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары