Темір тапшылығы тыныс жолдарын әлсірететіні анықталды

/
Темір тапшылығы тыныс жолдарын әлсірететіні анықталды
сурет: istockphoto.com

Колумбия университетінің ғалымдары темір жетіспеушілігі өкпедегі Т-жасушалардың жұмысын бұзатынын және респираторлық вирустардан қорғануды әлсірететінін анықтады. Зерттеу нәтижелері The Journal of Immunology журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Эксперимент барысында зерттеушілер тышқандарды темірі аз рационға көшіріп, кейін оларды тұмау вирусымен жұқтырды. Ғалымдар Т-жасушалардың «жад жасушаларын» қалай қалыптастыратынын бақылаған. Жад жасушалары ағзада бұрын кездескен вирустар туралы ақпаратты сақтап, қайта жұққанда жылдамырақ иммунитет қалыптастырды.

Нәтижесінде темір жетіспесе, Т-жасушалар интерферон-гамма деп аталатын маңызды вирусқа қарсы сигналды толық өндірмейтіні анықталды. Ең қызығы, рацион қалыпқа келтірілгеннен кейін де бұл бұзылыс қалпына келмеген. Бұл иммундық жасушалардың ұзақ уақытқа зақымданатынын көрсетеді.

Әсер тек өкпе тінінде байқалды: өкпедегі Т-жасушалар вирусқа толыққанды жауап бере алмады, ал иммундық жүйенің басқа бөліктері қалыпты жұмысын жалғастырды. Ғалымдардың пікірінше, бұл темір тапшылығының тыныс жолы инфекцияларын жұқтыруға бейім ететінін және астма қаупін күшейтетінін білдіруі мүмкін.

Зерттеу авторлары темір тапшылығы әлем бойынша ең кең таралған мәселенің бірі екенін атап өтті. Сондықтан оның өкпе иммунитетіне әсерін тереңірек түсіну вирустық аурулардың алдын алуға арналған жаңа диета мен медицина тәсілдерін ойлап табуға жол ашуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары