Апельсин шырынының сіз білмеген пайдасы

/
Апельсин шырынының сіз білмеген пайдасы
сурет: istockphoto.com

Апельсин шырыны – жүрек саулығын сақтауға көмектесетін ең пайдалы сусынның бірі. Оның құрамында жүрек пен тамырлардың жұмысына оң әсер ететін маңызды антиоксиданттар мен минералдар бар, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Пирогов университетінің ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доценті Эльвира Хачированың айтуынша, шырындағы гесперидин мен кверцетин эндотелийдің жұмысын жақсартып, қан тамырларын кеңейтетін азот тотығының түзілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ олар қабынуды азайтып, атеросклероздың алдын алады.

Апельсин шырынындағы калий артық натрийдің ағзадан шығарылуына және қан қысымының тұрақталуына көмектеседі. Ал С дәрумені «жаман» холестериннің тотығуына жол бермейді.

Дегенмен дәрігер пакеттегі шырындарды көп ішпеген жөн екенін ескертеді: олардың құрамында қант пен консервант көп болуы мүмкін.

Кардиологтың кеңесі бойынша, күніне 150–200 мл жаңа сығылған апельсин шырынын ішу жүрекке пайдасын тигізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары