Әйел көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қытай азаматы 2025 жылдың 25 наурызында Қазақстанға келіп, уақытша тұрған жері бойынша тіркелген. Алайда тіркеу мерзімі аяқталғанда, ол ел аумағынан шықпаған.
«Рұқсат етілген мерзімнен асып кету он тәуліктен артық болды», – деп хабарлады Аққулы аудандық соты.
Шетелдік азаматша өз кінәсін мойындап, соттан айыппұлмен шектелуді сұраған. Нәтижесінде әйелге 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды, алайда жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, сома 68 810 теңгеге дейін төмендетілді. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.