Ауа-райының бұзылуына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ елді мекенінен – Қостанай облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 19:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ Қостанай облысында да көлік қозғалысы шектелді.
«2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 12:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-309 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан – Адаевка ауылына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 19:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.