Абай облысында әйелді аңдыған азамат жауапқа тартылды

/
Абай облысында әйелді аңдыған азамат жауапқа тартылды
polisia.kz

Абай облысында сталкинг бойынша қылмыстық іс сотта қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысы полиция департаменті Республика көлемінде сталкинг фактісі бойынша тіркелген екінші қылмыстық іс Семей қаласының сотында қаралғанын хабарлайды.

Сот анықтағандай, қала тұрғыны ұзақ уақыт бойы жәбірленушінің жеке өмірін бақылап, оның жеке кеңістігіне заңсыз араласқан және психологиялық қысым көрсеткен.

Сот үкімімен азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар оған 10 ай мерзімге арнайы мінез-құлық талаптары белгіленді.

Сталкинг — адамның жеке шекарасын бұзатын, қауіпсіздігіне қатер төндіретін және қоғамға қауіпті қылмыстық әрекет.

Полиция азаматтарға өзгенің жеке кеңістігі мен құқығына құрметпен қарауды, қақтығыстарды тек заң аясында шешуді ескертеді. Егер сіз сталкингтің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Абай облысының полициясы азаматтардың қауіпсіздігін қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары